BasNewsЖаңалықтар

Екібастұзда жылу желілеріне қосылмаған 11 үй қалды

Екібастұзда қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Бұл туралы төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штаб өкілдері мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

4 желтоқсан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, 11 үйдің жылу торабы қосылмаған.

«Пәтерлерге жылу беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үйлерде көтергіштер, радиаторлар ауыстырылады. Сондай-ақ, сумен және жылумен жабдықтау жүйелерін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екібастұзда барлығы 689 көпқабатты үй бар. Қалған 11 үйді күннің аяғына дейін қосу жоспарланып отыр», – деді жедел штаб өкілдері.

Айта кетейік, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 500-ге жуық адам жұмылдырылған.

Back to top button