Жаңалықтар

Ерекше қажеттілігі бар балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу

“GALAXY BOWLING” ойын сауық орталығында ерекше білім беруді қажет ететін, зейін зердесі бұзылған балалар арасында боулингтен Республикалық турнир өтті. Турнирге Шымкент қаласынан “Қосалқы мектеп-интернаты”, “Сайрам көмекші мектеп-интернат колледжі” арнайы кешені, Астана, Алматы қалаларынан және Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Батыс, Шығыс Қазақстан облыстарынан 12 команда қатысты. Ашылу салтанатында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы Тажиева, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығының басшысының міндетін атқарушы Жанна Бейсеновна Утесинова турнирге қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

Турнирдің мақсаты: ерекше қажеттілігі бар балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, психо-соматикалық қабілеттерін жетілдіріп, бойына сенімділік ұялату, еңбек ету мүмкіндіктерін аша білу.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында білімнің қолжетімді және инклюзивті болуы керегін атап өтті. Жалпы білім беретін мектептерде ерекше балаларды оқытуға жағдай жасалып жатыр. Ерекше балалардың білім беру мекемесіне кедергісіз кіруі үшін пандустар, тактильді жолдар, арнайы тұтқалар және басқа да құрылғылар орнатылды. Мектептерде педагог-ассистент лауазымы енгізілген, олар ерекше балалардың білім беру ұйымдарына бейімделуіне көмектеседі. Сонымен қатар мемлекеттік стандартта оқу жоспарлары мен бағдарламаларының вариативтілігі мен икемділігі қамтамасыз етілген. Олар ерекше білім беруді қажет ететін баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып бейімделген.

Мүмкіндігі шектелген бала ерекше қарауды қажет етеді. Осындай тұлғаны қалыптастыруды нәтижелі  басқару үшін, түрлі жас кезеңіндегі  бала дамуының  өзіндік психологиялық-педагогикалық  заңдылықтары туралы  терең білу керек. «Психологиялық  ой түйіндісі  бойынша  физиологиялық кемшілік  әлеуметтік тәртіп нормаларының   бұзылуын  туындатады. Осындай кемшіліктері бар балалардың  барлық  психологиялық  ерекшеліктері  биологиялық емес, әлеуметтік құбылыс болып  табылады».  Баланың бойындағы кез-келген  кемшілік, баланың қоршаған ортамен  қарым-қатынасын  шектеуде, оған  адамзаттың  мәдени,  әлеуметтік тәжірбиесін  игеруге кедергі  келтіретіні бәрімізге белгілі.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button