Жастардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында кездесу өтті

Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жобасы аясында жастардың ой өрісін дамыту мақсатында ҚР мәдениет қайраткері профессор Сайлаубек Жақсыбековпен кездесу өтті.
Басқосудың мақсаты – әрбір жас ұрпақтың музыкалық өнерге қызығушылығын арттыру, жастарға қазақ халқының аспаптары жайлы түсінік беру.
ҚР мәдениет қайраткері, профессор Сайлаубек Жақсыбековтің есімі оңтүстік өңіріне жақсы таныс. Бүкіл ғұмырын қазақтың музыка өнеріне арнаған кейіпкеріміздің әлі де ел үшін берері көп.
Индустриалды-техникалық колледжі студенттерімен өткен кездесуде мәдениет қайтаркері жастарға аспаптар жайлы шығу тарихы жайлы әңгіме айтып, өлең, күй тартып берді. Жастар өз сауалдарын койып кездесуден кереметтей әсер алып қайтты.
ҚР мәдениет қайраткері, профессор Сайлаубек Жақсыбековтің есімі оңтүстік өңіріне жақсы таныс. Бүкіл ғұмырын қазақтың музыка өнеріне арнаған кейіпкеріміздің әлі де ел үшін берері көп.
– Мегаполис Шымкент басқа қалалармен бәсекелес болу үшін симфониялық оркестр құруымыз керек, – дейді өнер мәселесіне бей-жай қарауды білмейтін ағамыз. – Скрипка, виоленчел, контрабас, альт, арфа сияқты ішекті ысқыш аспаптарда ойнайтын мамандар даярлауымыз қажет. Труба, валторна, кларнет, гобой, флейта, фагот секілді үрмелі аспаптарда ойнайтын музыканттар қажет.
Сәкеңнің айтуынша, бір кездері Шымкенттің оркестрі Мәскеуді мойындатқан. Ендігі арманы – қазақ өнерін, ұлттық аспаптарымызды әлемдік деңгейге шығару.
– Қазақ музыкасын әлемге мойындату үшін ұлттық аспаптарымыз соған лайық болуы керек. Ол үшін шаңқобыз, сазсырнай, қобыз секілді ұлттық аспаптарды әлемдік деңгейге лайықтап шығаратын арнайы фабрика қажет. Ең арысы домбыраның өзін үйде отырып-ақ жасай салатын болды. Бұл әрекетімізбен қазақ аспабын, қазақ сазы мен әндерін дүние жүзіне мойындата алмаймыз. Себебі, музыкалық аспап жасауда мемлекеттік стандарт жоқ. Домбыра жасайтын шеберлер, плотниктер домбыраның ішегіне балық ұстайтын леска 07-ні пайдаланып жүр. Ата-бабамыз оны малдың ішегінен жасаған. Сазсырнайды да әр шебер әрқилы жасайды. Оның тесігін әркім өз білгенінше тесетін болды. Ол аспаптың дыбыстық реті мажор–минор болу керек.
Қазақтың ұлттық аспабы әлем сахнасында сазды әуен төгіп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді. Сайлаубек Жақсыбековтің ендігі арманы да – осы биікті бағындыру. Бүкіл ғұмырын өнерге арнаған, әлі де тұғырдан түспеген дарын иесінің бұл арманы да жүзеге асар деген ниеттеміз.
Қазіргі кезеңдегі экономикалық-әлеуметтік саяси өзгерістермен байланысты, еліміздің болашағына белсенді атсалысатын, өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен, дәстүрімен, өнерімен терең танысқан зерделі ұрпақты тәрбиелеу қажеттігі өзекті мәселеге айналды.



