Шымкент: Мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту мақсатында – «Аялы алақан» №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жұмыс істейді

Әлеуметтік және зайырлы қоғамның басты міндеті – ерекше жағдайдағы азаматтар мен балаларға қолдау көрсету. Қаламызда мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту мақсатында – «Аялы алақан» №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жұмыс істейді.
Орталық – арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж психоневрологиялық ауытқулары бар үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға және тірек қимыл аппараты бұзылған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға жартылай стационарлық жағдайда қызметтер көрсетеді. Туа сала тағдыр тауқыметін тартқан мұндай жеткіншектер ата-ана мен арнайы мамандардың көмегіне мұқтаж. Сол себепті, мұндай орталықтар балаларға көмек көрсетіп, өсіп-дамуына септігін тигізеді.
Қазіргі таңда орталықта 110 қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетілуде.
Оның ішінде:
Психоневрологиялық ауытқуы бар қызмет алушылар – 27;
Тірек-қимыл аппараты бұзылған қызмет алушылар саны – 83 болса,
Өздігінен жүретін қызмет алушылар – 36;
Сүйемелдеумен жүретін қызмет алушылар – 25;
Мүгедек арбамен жүретін қызмет алушылар саны – 49.
Ұл бала – 73;
Қыз бала -37.
Ал, «Ten qogam» әлеуметтік қолдау орталығы – мүгедектігі бар азаматтардың қала өміріне белсене арласуына мүмкіндік жасау және оларға көрсетілетін қызмет түрлерін қолжетімді етумен айналысады. Орталық «Бір терезе» қағидасымен «Әлеуметтік қызметтер көрсету порталында» мүгедектігі бар қызмет алушыларға «Әлеуметтік порталмен» қолдану жолдарын үйрете отырып, қызмет түрлерін көрсетеді. Мекеме жыл басынан, жалпы 8000 мыңға жуық мүгедектігі бар азаматтарға ақпараттық-консультациялық, әлеуметтік, құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қызметтер көрсету порталы, «Еqov.kz» порталынан қызметтерін алу мәселелері бойынша көмектер ұсынылып, қызметтер көрсеткен.
Қала аумағынан шалғайда орналасқан елді-мекенде тұратын мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсету бойынша «Көшпелі қызметтер түрлерін көрсету» акциясы бойынша – 22 мұқтаж мүгедектігі бар азаматтардың үйлеріне барып, тиісті қызметтер көрсетілді.



