BasNewsЖаңалықтар

Елімізде әкімшілік және көші-қон полициясы комитеттері жойылмақ

Қазақстанда Ішкі істер министрлігінің әкімшілік және көші-қон полициясы комитеттері жойылмақ, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік мекемесі Әкімшілік полиция комитеті, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік мекемесі Көші-қон қызметі комитеті таратылсын», – делінген үкімет қаулысының жобасында.

Түсіндірме жазбаға сүйенсек, «Ішкі істер министрлігінің жобасын қабылдау құқық қорғау қызметін ұйымдастырудағы тәсілдердің қағидатын іске асыруға, Ішкі істер министрлігінің ұйымдық құрылымын, қызметкерлерді әлеуметтік және материалдық қамтамасыз етуді бір жүйеге келтіруге, Ішкі істер министрлігінің реформаланған ведомстволарының жұмысын қайта құру, олардың басшыларының шешімдер қабылдаудағы дербестігін және жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз етуге сондай-ақ осы лауазымдарды атқару үшін үлкен тәжірибесі бар білікті кадрларды тартуға мүмкіндік береді».

Back to top button