BasNewsЖаңалықтар

Ақтауда 11 жасар бала жоғалып кетті

Ақтауда 4 желтоқсаннан бері 11 жастағы Нұрислам Мәмбеков іздестіріліп жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

4 желтоқсан күні сағат 16:35-те бала «Ақтау» сауда ойын-сауық орталығынан белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған, деп жазды lider.kz еріктілер қозғалысының парақшасы. Оны еріктілер мен құқық қорғау органдары іздестіріп жатыр.

Ақтау, жасөспірім

Ерекше белгілері: бойы 150-155 см, шашы қара, көзі қоңыр. Бетінде мең бар. Үстінде: қара көк түсті күрте, көк бас киім, бүйірінде ақ жолағы бар қара трико. Сөмкесі мен киім салынған пакеті болған.

Жоғалған баланы көрген-білгендер болса мына нөмірге хабарласа алады: +7(700)499-72-92, +7(700)729-20-12 немесе 102.

Back to top button