BasNewsЖаңалықтар

Астанадағы ауаның ластану деңгейі рұқсат етілген нормадан 23 есе асып түсті

Бүгінгі таңда Астанада ауаның ластану деңгейі ДДҰ ұсынған ауа сапасының орташа жылдық мәнінен 23.8 есе жоғары, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі IQAir.com сайтына сілтеме жасап.

Ауа сапасы мен атмосфераның ластануы бойынша қалалар рейтингінде Астана әлемде 7-ші орында. Ал Пәкістанның Лахор және Карачи қалалары, сондай-ақ Дакка (Бангладеш) ең лас қалалар деп саналады.

Сарапшылардың пікірінше, ауа сапасына оның құрамындағы PM2.5 ұсақ бөлшектерінің мөлшері әсер етеді. Олар ағаш көмір жаққанда, орман өрттерінен бөлінеді. Бірақ қоршаған ауаның ластануының негізгі көзі – автокөліктерден шығатын газдар.

Ауадағы қауіпті қосылыстар қала тұрғындарының денсаулығына елеулі зиян келтіріп, экономикалық зардап әкеледі.

Мамандар ауаның ластануынан қорғанудың жолдарын ұсынды. Сыртқа шыққанда маска киіп,  үйде ауа тазартқышты қосу керек.Сондай-ақ, терезелерді жауып жүруге кеңес берді.

Back to top button