BasNewsЖаңалықтар

Астана қаласына жаңа әкім тағайындалды

Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі болды, – деп хабарлайды Basnews.ks тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалсын», – делінген Жарлықта.

Еске салайық, Жеңіс Қасымбек 2019 жылдың қыркүйегінде Қарағанды ​​облысының әкімі болған еді. Бүгін оның қызметінен кеткені белгілі болды.

Жеңіс Қасымбек 44 жаста, Жамбыл облысының тумасы. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «сәулетші-дизайнер» мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылы Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы ҚазБСҚА-да тағылымгер-зерттеуші болып бастаған. 1998 жылы «Темірбанк»ААҚ бас маманы болды.

1998-2000 жылдары – ҚР монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетінің бөлім басшысы.

2000-2004 жылдары – ҚР ККМ су көлігі департаментінің директоры.

2004 жылдан 2005 жылға дейін – «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК директоры.

2005 жылғы қарашада Көлік және коммуникация вице-министрі болып тағайындалды.

2009 жылдың наурызынан бастап Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы болды.

2014 жылдың наурызында көлік және коммуникация министрі болып тағайындалды.

Back to top button