BasNewsЖаңалықтар
Екібастұздағы төтенше жағдай режимі алынды
Екібастұздағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Бұл туралы қала әкімі Аян Бейсекин Instagram-дағы парақшасында жазды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«28 қарашада енгізілген қаладағы төтенше жағдай режимі аяқталды», – деді Екібастұз әкімі Аян Бейсекин.
Еске салайық, 27 қараша күні түнде Екібастұздағы апатқа байланысты жылу мен ыстық су өшті. Энергетика министрлігі жылу құбырларының 70%-дан астамы әбден тозғаны туралы хабарлады.
28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай режимі жарияланды.