BasNewsЖаңалықтар

Абай облысының құтқарушылары жолда сынып қалған автобустан 44 адамды эвакуациялады

Абай облысында құтқарушылар жолда сынып қалған автобустан 44 адамды эвакуациялады, олардың 36 бала, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Абай облысының ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін 2022 жылғы 9 желтоқсанда сағат 16:40-та Абай облысының Жарма ауданында Қалбатау ауылынан 12 шақырым жерде, «Зайсан-Өскемен» автожолында сынып қалған «Зайсан-Өскемен» бағыты бойынша қатынайтын жолаушылар автобусынан құтқарушылар 44 адамды, оның ішінде 36 баланы эвакуациялады.

Құтқарылған адамдар Сұлусары ауылының жылыту пунктіне орналастырылды. Қазіргі уақытта адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

ТЖМ алыс жолға шыққан кезде көлік құралын тексеруден өткізу керек, жүргізуші көлік құралының дұрыстығына көз жеткізуі керек екенін еске салады.

Back to top button