BasNewsЖаңалықтар

Рудныйда орталық көшені су шайып жатыр

Қостанай облысы Рудный қаласындағы көшелердің біріне ыстық су жайылды. Бейнежазба әлеуметтік желіде тараған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Рудный қаласындағы көшелердің бірін ыстық су басқан бейнежазба тарады. Видеода көлік ішінде жүргізушінің жағдайды көрсетіп келе жатқанын байқайсыз. Тіпті судың буланып тұрғанын да көруге болады.

Алдын ала мәліметке сүйенсек, қаладағы ыстық су құбырларының бірі жарылған. Энергетика басқармасында оқиға расталды. Онда жағдайдың таңғы мезгілде болғаны, әрі көшеге жайылған суық су екені айтылған.

«Сағат 10:00 шамасында қаладағы Джержинский және Горький көшелерінің қиылысында суық су құбыры жарылды. Дереу су сорғы техникаларымен мамандар жіберіліп, сағат 12:00 шамасында жағдай толықтай қалпына келді», — делінген әкімдік ақпаратында.

Back to top button