BasNewsЖаңалықтар

Мемлекет басшысы жылу желілерін 3 жылда жөндеуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергия нысандары мен жылу желілерін жөндеу бойынша мәселелерді шешуді тапсырды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Тоқаев мемлекет меншігіндегі электр нысандарын бюджет қаржысы есебінен жөнделу керегін айтты.

«Жеке нысандар «Инвестицияны тарифке айырбастау» бағдарламасы аясында жаңарту қажет. Үкімет жедел бұл мәселені шешуге кірісуі қажет», – деді ол.

Президент жылу-электр орталықтарынан бөлек жылу желілерінің де жағдайы көңіл көншітерліктей емес екенін атап өтті. Бүгінде 1,5 мың шақырым жылу желісін шұғыл түрде жөндеу немесе ауыстыру қажет. Олардың орташа тозуы 75%-ға жетті.

«Арқалық, Риддер, Шемонаиха қалаларындағы желі толығымен тозған. Үкіметке үш жыл ішінде бұл сұрақтың жауабын табу керек. Комиссия баяндамасына сәйкес әңгіме 528 миллиард теңге жөнінде. Бұл қаржыны тариф саясаты мен бюджеттік несиелендіру негізінде қарау керек», – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Back to top button