BasNewsЖаңалықтар

Қызылордалық әйел көпірден секіріп қаза болды

Қызылордалық тұрғын көпірден секіріп қаза болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«12 желтоқсанда сағат 21:50 шамасында Қызылордада «102» арнасына Қазбек би мен Қазантаев көшелері бойында орналасқан аспалы көпірден әйел секіріп кетіп, суицид жасамақ болғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетті. Тексеру барысында, азаматшаның қаза болғаны анықталды», – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) соталды тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Back to top button