BasNewsЖаңалықтар
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 135-ке жетті

Нұр-Сұлтан қаласында тағы 9 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Basnews.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Сайт таратқан ақпаратта 27 наурыз, сағат 19-05-тегі жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 135-ке жеткендігі хабарланған. Олар: Нұр-Сұлтан қаласында – 69 Алматы қаласында – 48 Қарағанды қаласында – 4 Шымкент қаласында – 2 Ақмола облысы – 1 Алматы облысында – 1 Ақтөбе облысында – 1 Атырау облысында – 3 Жамбыл облысында – 3 Павлодар облысында – 1 Солтүстік Қазақстан облысында – 1 Маңғыстау облысы – 1
Осыған дейін Маңғыстау облысының тұрғыны коронавирус жұқтырғандығы мәлім болған еді.



