BasNewsЖаңалықтар

Астанада TikTok-та терроризмді насихаттаған ер адам жеті жылға сотталды

Астанада TikTok әлеуметтік желісінде терроризмді насихаттағаны үшін ер адам жеті жылға сотталды, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Бұл туралы Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының №2 сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

«6 желтоқсанда Астана қаласы Байқоңыр ауданының № 2соты ҚК-тің 256-бабының 2-бөлігінде (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін И. есімді азаматқа сотқа қатысты айыптау үкімін шығарды және жеті жылға бас бостандығынан айырылды», – делінген хабарламада.

Іс материалдарына сүйенсек, сотталушы TikTok-та «қарулы жиһад» идеологиясын тарататын діни сипаттағы видео жариялаған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Back to top button