BasNewsЖаңалықтар
Тоқаев Өзбекстанға барады
Президент 21-22 желтоқсан күндері Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізіп, екіжақты іс-әрекеттің өзекті мәселелерін, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және көлік-транзиттік ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылайды. Сондай-ақ олар өңірлік және халықаралық күн тәртібін қарастырады», – делінген хабарламада.
Мемлекеттік сапар аясында бірқатар екіжақты шарт пен келісімге қол қойылады деп жоспарланып отыр.