BasNewsЖаңалықтар

Байқоңырда бассейнде 9 жасар бала көз жұмды

«Байқоңыр» кешенінің прокуроры Александр Трифоновтың тапсырмасына сәйкес, бассейндегі 9 жасар баланың өлімі фактісі бойынша тексеру ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Basnews.kz.

22 желтоқсанда сағат 14:40 шамасында 9 жасар ұл бала Орион бассейнінде болған.

«Бассейнге баруға қарсы көрсетілімдері жоқ медициналық құжаттары бар бала жүзу сабағы кезінде кенеттен өзін жайсыз сезініп, оған бассейн нұсқаушылары мен медицина қызметкерлері дереу көмек көрсетіп, жедел жәрдемге хабарласты. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел медициналық жәрдем қызметкерлері баланың өлімін тіркеді», – делінген «Байқоңыр» кешені прокуратурасының хабарламасында.

Барлық қажетті зертханалық зерттеулерді жүргізе отырып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Медициналық сарапшының алдын-ала қорытындысы баланың өлімі жалпы ауруының салдарынан туындағанын бажалайды, оның суға бату жағдайын жоққа шығарады.

Аталған факті бойынша Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің Тергеу бөлімі «Байқоңыр» кешенінде қылмыстық іс қозғады.

Осы қылмыстық істі тергеуді кешен прокуроры жеке өз бақылауына алды.

Сондай-ақ кешен прокуратурасы осы факт бойынша тексеру ұйымдастырады, оның шеңберінде «Орион бассейні» МБУ-дағы лауазымды тұлғалардың жүзу сабақтарын өткізу кезінде кәмелетке толмағандарды қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру кезіндегі іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) баға берілетін болады.

«Одан бөлек, медициналық қызметкерлердің жас баланы тиісті медициналық тексеруден өткізу әрекеттеріне және оның жүзу сабақтарына рұқсат беруші медициналық анықтаманың қаншалықты заңды екендігіне қатысты баға берілетін болады», – делінген хабарламада.

Back to top button