BasNewsЖаңалықтар
Өткен тәулікте175 адамнан КВИ анықталды
Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын 175 адам жұқтырды, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 12 адамға көп, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәлімет бойынша, 27 желтоқсанда 2563 адам коронавирус инфекциясынан (-2429 + және 134 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 326 пациент стационарда, 2237 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 9 адамның жағдайы ауыр;
- 8 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.