BasNewsЖаңалықтар

Павлодарда 8 қабаттан құлаған 15 жастағы қыз көз жұмды

Павлодарда сегізінші қабаттан құлаған 15 жастағы қыз ауруханада көз жұмды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда 8-ші қабаттан құлаған 15 жасар жастағы қыз ауыр жарақат салдарынан ауруханада көз жұмды.

“Бала көптеген жарақаттар алған. Сүйектердің, омыртқаның сынуы, жұлынның зақымдануы, ішкі органдарының көптеген зақымдануы болды. Ауруханамыздың дәрігерлері қолдан келгеннің барлығын жасады. Өкінішке орай, баланы аман алып қалу мүмкін болмады”, – деді облыстық балалар ауруханасында.

Еске салайық, 22 желтоқсан күні сағат 17:06-да облыстық жедел жәрдем қызметіне 8-қабаттан бала құлағаны туралы қоңырау түскен. Қыз бала Назарбаев даңғылы, 204 мекенжайындағы үйдің 8-қабатынан құлаған.

Back to top button