BasNewsЖаңалықтар
Таразда қоқыс жәшігінен шала туылған сәбидің денесі табылды
29 желтоқсан Тараз қаласында пластик шелектен шала туылған сәбидің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қоқыс жанында жатқан шелектен нәрестенің табылғаны туралы ақпарат полицияға 11:30-да келіп түскен.
“Оқиға орнына шұғыл түрде жедел-тергеу тобы шықты. Сәбидің денесі Жамбыл облысының мәйітханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта оның анасын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Еске салайық, 20 желтоқсанда Ақтөбеде көпқабатты үйдің жанынан қорапқа салынған сәбидің мәйіті табылған еді. Ғ.Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған баланың мәйіті табылғаны туралы ақпарат полицияға 19 желтоқсан күні сағат 22:05-те келіп түскен.