Қанат Мусин әділет министрі қызметінен кетті
Қанат Мусин әділет министрі қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Сергейұлы Мусин Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды», – делінген Жарлықта.
Еске салайық, Қанат Мусин 2022 жылы қаңтарда әділет министрі болып тағайындалған еді.
Қанат Мусин 1966 жылғы 27 ақпанда Целиноград (Астана) қаласында дүниеге келген. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Заңгер. Аға әдiлет кеңесшiсi, қаржы полициясының полковнигі.
1984-1986 жылдары Целиноград қаласының Ленин аудандық халық сотының сот орындаушысы, сот отырысының хатшысы, архивариусы.
1986-1989 жылдары «Целиноградоблгазтоп» өндірістік бірлестігінің аға юрисконсульты.
1989-1998 жылдары Целиноград қаласының, Ақмола облысының прокуратура органдарында қызмет еткен, Астана қаласы прокурорының орынбасары.
1998-2001 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары.
2001-2007 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет еткен, Батыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары.
2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңес аппаратында жұмыс істеген: бас сарапшы, бас инспекторы, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.
2010-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары.
2012-2016 жылдары Астана қаласының Әділет департаментінің басшысы.
2016 жылдың наурызынан бастап алтыншы сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2021 жылдың қаңтар айынан бастап жетінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты-Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы.
«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, құқық қорғау органдарының ведомстволық наградаларымен марапатталған.