BasNewsЖаңалықтар
Өткен тәулікте 211 адам коронавирус жұқтырған
Кейінгі тәулікте елде коронавирустың 211 жағдайы тіркелді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
30 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 754 адам коронавирус инфекциясынан (–2 578+ және 176 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 247 пациент стационарда, 2 507 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 6 адамның жағдайы ауыр,
- 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.