Бүгінгі саудада доллар сәл қымбаттады
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,59 теңгеге көтеріліп, 462,65 теңге болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,35 теңге (-1,34) болды.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 66,02 теңге (-0,03) болды.
Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 491,22 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 464-468 теңге, еуро 491-499 теңге, ресей рублі 6,1-6,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 30 желтоқсандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің құны 0,48%-ға өсіп, барреліне 83,86 доллар болды.
NYMEX электрондық саудасында ақпан айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстері 0,47%-ға өсіп, барреліне 78,77 доллар болды.