BasNewsЖаңалықтар
Мьянманың экс басшысы өмірінің соңын абақтыда өткізеді
30 желтоқсанда Мьянманы бес жыл бойы басқарған 77 жастағы Су Чжиге үкім шықты, – деп хабарлайды Basnews.kz CNN арнасына сілтеме жасап.
2021 жылдың басындағы төңкеріс кезінде ол биліктен құлаған еді.
Мьянма соты Аун Сан Су Чжиді сыбайлас жемқорлық үшін жеті жылға бас бостандығынан айырды. Қаулы бойынша апаттар мен мемлекеттік істер, соның ішінде құтқару және төтенше жағдайлар кезінде пайдалануға тікұшақ сатып алу, жөндеу және жалға алу үшін ол сыбайлас жемқорлыққа кінәлі деп танылды.
Енді ол 33 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, оның ішінде үш жыл ауыр жұмысқа тартылады.
Су Чжи бұған дейін көптеген құқық бұзушылықтар, соның ішінде сайлаудағы алаяқтық және пара алғаны үшін сотталған.