30 жылдық тәжірибесі бар мұғалімдер тестілеуден босатылады
Педагогикалық өтілі 30 және одан да көп жыл болған ұстаздар Ұлттық біліктілік тестін тапсырудан босатылады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мұндай педагогтер қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудан (портфолио) ғана өтеді.
Сондай-ақ, «педагог-модератор» біліктілік санатына көшу кезінде ескі жүйе бойынша «бірінші», «жоғары» санаттары бар педагогтер Ұлттық біліктілік тестілеуден (ҰБТ) босатылады.
Сонымен қатар, зейнеткерлік жасқа дейін төрт жылдан аспайтын уақыт қалған мұғалімдер аттестациядан босатылады.
Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті мұндай шешім қабылдау кезінде мұғалімдердің ұсыныстары мен тілектері ескерілгенін атап өтті.
«Аттестаттау педагогтердің біліктілік деңгейін айқындау мақсатында өткізілетінін, оның нәтижелері бойынша оларға біліктілік санаттары және жалақының 30-дан 50% – ға дейінгі мөлшерінде ай сайынғы үстемеақылар берілетінін немесе расталатынын атап өтемін», – деді комитет басшысы Гүлмира Кәрімова.