BasNewsЖаңалықтар

Семейдегі коронавирус жұқтырған ерлі-зайыптылар Мысырдан келген

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірдегі коронавирус жағдайы туралы айтты , – деп хабарлайды BasNews.kz.

«Құрметті Шығыс Қазақстан тұрғындары! Бүгін облысымызда, атап айтқанда, Семей қаласында коронавирус дертінің алғашқы 2 жағдайы расталды. Отбасылық жұп 1959 жылы дүниеге келген. Олар 2020 жылдың 21 наурызында елімізге «Шарм-Эль-Шейх – Нұрсұлтан» рейсімен оралған. Египетте демалыста болған. Семей қаласына өз көлігімен жеткен», – деп жазған әкім Instagram желісіндегі парақшасында. ⠀

Олармен бірге отбасы мүшелері, яғни, тағы 5 адам болған екен.

«2020 жылғы 28 наурызда жүргізілген COVID-19 талдауы төрт адамда теріс нәтиже көрсетті. Бір талдау қазіргі уақытта зерттеу барысында. Сонымен қатар, олармен байланыста болған тағы бір адам анықталды. Оның да анализі тексеруге алынды. Қазіргі таңда төртеуі провизорлық стационарға оқшауланған, қалған төртеуі карантиндік стационарда дәрігерлердің бақылауында», – деді ол.

Әкімнің айтуынша, науқастардың жағдайы тұрақты, ауырлығы орташа деңгейде көрінеді.

«Алғашқы шағымдары дене қызуы мен сирек жөтел болған. Жедел медициналық көмек бригадасы шұғыл әрекет етіп, алгоритмге сәйкес арнайы капсулаларда оларды стационарға жеткізді. Қазіргі уақытта бұл адамдар тұратын орындарға дезинфекция жұмыстары жүргізілуде», – деп қосты Даниал Ахметов.

Ол шығысқазақстандықтарға жағдай барлық жауапты қызметтің бақылауында екенін ескертті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button