Петропавлда 47 жастағы әйел шатырдан секіріп кетті
Петропавлда 47 жастағы әйел көпқабатты үйдің шатырынан секіріп, мерт болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
6 қаңтар күні сағат 12:25 шамасында Полиция басқармасының жедел арнасына Жамбыл көшесі, 142 мекенжайындағы көпқабатты үйдің жанында әйел адамның жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы зардап шеккен әйелдің жеке басын анықтады. Алдын ала болжам бойынша, 47 жастағы қала тұрғыны көпқабатты үйдің шатырынан секіріп, өзіне-өзі қол салған.
«Аталған факті ҚР ҚК 105-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады», – деп көрсетті ҚР ІІМ баспасөз қызметі.