BasNewsЖаңалықтар
Қарлы боран мен көктайғақ салдарынан елімізде 122 жол учаскесі жабылды
Ауа райының нашарлауына байланысты тас жолдардың 122 учаскесі жабылды, оның ішінде республикалық маңызы бар 42 учаске де дизельді және қоғамдық көліктерге жабық, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ таратқан ақпаратқа сәйкес, Қарағанды облысында 57 техника жол жиегінде жиналып қалған (Теміртау қаласынан шыққан кезде).
Сондай-ақ тқтеншеліктер өткен тәулікте 7 адамды, оның ішінде 5 баланы (Қостанай – 7/5) эвакуациялағаны белгілі болды.
«Уақытша жылыту пункттерінде 56 адам орналастырылды, арасында 11 бала бар (Ақмола облысы – 49/6, Қостанай облысы – 7/5)», – деді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.