BasNewsЖаңалықтар

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,63 теңгеге төмендеп, 461,84 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 10 қаңтардағы ресми бағамы – 462,49 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 463,49 теңге, сату – 467,04 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 462,82 теңгеден сатып алынып, 465,97 теңгеден сатылып жатыр.

Back to top button