Конституциялық сот Тұңғыш Президент туралы заңның күшін жойды
«Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» заң күшін жойды. Бұл туралы Конституциялық соттың қаулысында айтылған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Қазақстан халқының 2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясынан 46-баптың 4-тармағын және өзге де нормаларды алып тастау туралы айтқан еркіне сүйене отырып, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңында сақтау үшін құқықтық негіздер жоқ, осыған байланысты ол «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Заңы жарамсыз болып танылуға жатады» делінген құжатта.
Қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті болып табылады, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.