Премьер-министр «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді
Премьер-министр «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының вице-президентіне ескерту жасады. Компанияға қатысты кешенді тексеру жүргізу кестесі жіберілгенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін премьер-министр Әлихан Смайылов «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының вице-президенті Виджай Гоялмен және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наирмен кездесті
Үкімет басшысы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен АМТ арасында қол қойылған меморандум аясында қазақстандық тарап кәсіпорынға қаржылық, техникалық және экологиялық аудит жүргізу үшін тәуелсіз халықаралық консультанттарды шақырғанын айтты.
Сонымен қатар, премьер-министр «АрселорМиттал Теміртауға» кешенді тексеру жүргізу кестесі жіберілгенін мәлімдеді.
Өз кезегінде Виджай Гоял барлық тексеру шарасына толық жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.