BasNewsЖаңалықтар

Екібастұзда көшеден әйел адамның мәйіті табылды

Екібастұзда көшеден әйел адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Полицияның мәліметінше, марқұмның денесінде зорлық іздері жоқ. Әзірге оның кім екені белгісіз. Тәртіп сақшылары оның түр тұлғасын тану бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Өлімнің себебін медициналық сараптама анықтайтын болады.

“Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жеке басын анықтау жұмыстары жүргізілуде”, – дейді Екібастұз қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.

Back to top button