BasNewsЖаңалықтар
Алматылықтар жылусыз қалды
Алматының Алмалы ауданындағы «Жайлы» тұрғын үй кешенінде жылу құбыры жарылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Апат салдарынан 5 көппәтерлі тұрғын үй уақытша жылусыз отыр.
Жылу құбыры жарылу кезінде жер астынан бірнеше метр ыстық су бұрқағы атқылаған.
Диаметрі 150 мм құбырдағы ақауды жою үшін ыстық сумен жабдықтау уақытша өшірілді.
Апат орнында «АлТС» ЖШС мамандары жұмыс істеп жатыр. Коммуналдық апаттың себептері әзірге белгісіз.