BasNewsЖаңалықтар

«АрселорМиттал Теміртауда» тағы да апат: газ құбыры опырылып құлады

«АрселорМиттал Теміртаудағы» оқиға 18 қаңтар күні таңертең болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Диаметрі 2200 мм болатын коксты газ құбыры опырылып құлады. Ұзындығы 20 метр болатын учаске бүлінді. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, оқыс жағдайдың себептері анықталып жатыр.

Желтоқсанның 22-сі күні «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына аванстық төлемдердің көлемін төмендеткені үшін 1,3 миллиард теңге айыппұл салынғаны белгілі болды.

Желтоқсанның 14-і күні Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының келісімшарттық міндеттемелері қайта қаралатынын мәлімдеді.

Back to top button