BasNewsЖаңалықтар
Таразда «Сергек» жүйесі іске қосылды
Таразда «Сергек» жүйесі іске қосылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Таразда тестілеуден кейін 16 қаңтардан бастап «Сергек» жүйесі іске қосылды»,-деп хабарлады ІІМ.
Ведомствоның мәліметінше, енді 48 аппараттық-бағдарламалық кешен (35 – желілік учаскеде және 13 – қиылыстарда) қаланың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Жүйе жылдамдық режимінен асып кету, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өту, жол белгілерiн сақтамау сынды жол ережесін бұзу фактілерін тіркейді.