BasNewsЖаңалықтар

Елімізде коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясына – 74, коронавирус пневмониясына 7 адам шалдықты. Пневмониядан 1 науқас қаза болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

20 қаңтардағы мәлімет бойынша, коронавирустан 1 949 адам коронавирустан (КВИ+) -1 796, пневмониядан (КВИ-)- 153 науқас ем қабылдап, олардың ішінде 156 науқас стационарда, 1 793 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
– 10 адамның жағдайы ауыр,
– 5 науқастың жағдайы өте ауыр,
– 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Back to top button