BasNewsЖаңалықтар
Батыс Қазақстанда жас мұғалім өз-өзіне қол жұмсады
Ақпаратты Ақжайық ауданы білім бөлімінің басшысы Ерболат Бекмулдин растады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Жергілікті «Мой город» сайтының хабарлауынша, қайғылы оқиға 17 қаңтарда болған. 22 жастағы Назым Өмірзақованың мәйітін туыс әпкесі сарайдан тауып алған.
Батыс Қазақстан облысы полициясы қылмыстық кодекстің 105-бабы («өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша іс қозғады.
Туыстары 22 жастағы қыз жұмыстағы қысымнан осындай қадамға барды деп отыр.