BasNewsЖаңалықтар
Алматылық әйел ұлын өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсады
Алматы тұрғыны бұрынғы күйеуіне «ішіне жын кіргені» туралы хабарлама жолдап, ұлын өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Алматы полициясы мәліметінше, 1981 жылы туған әйел 2011 жылы туған ұлын бірнеше рет пышақтап өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған. Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тіркелген.
«Сондай-ақ, сол күні әйел бұрынғы күйеуіне аудио-хабарлама жолдап, онда ішіне жын кіріп, ұлын оның қолымен өлтіргенін хабарлағаны анықталды. Біраз уақыттан кейін ер адам үйіне келіп, бұрынғы әйелі мен ұлының өлі денесін тапқан», – деді полиция өкілдері.
Ер адам бұрынғы әйелі кейінгі айларда психикалық ауруға шалдыққанын айтқан