BasNewsЖаңалықтар
Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапты
Алматыдағы Сайын даңғылында адам өліміне әкелген апат болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Көлік жол жиегіндегі бағанаға соғылып, көліктегілердің бәрі қаза тапқан.
«26.01.2023 жылы сағат 23:30-да Алматы қаласының Әуезов ауданында Honda маркалы автокөліктің жүргізушісі – 2003 жылы туған Р. Сайын көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, рөлді басқара алмай, кедергіге – бағанаға соғылған. Осы ЖКО салдарынан жүргізуші мен оның екі жолаушысы – 2003 жылы туған И. және 2004 жылы туған Н. қаза болды», – деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалған.