Қазақстанның жеті өңірінде ескерту жарияланды
Қазгидромет синоптиктері ауа райын байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында және Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында шығыстан жел соғады, қарқыны – 18-23 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ертең Павлодар облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, қарқыны 15-20 м/с жетеді.