BasNewsЖаңалықтар

Рыбакина Australian Open – 2023 турнирінде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Австралия-2023 Ашық чемпионатының финалында, өкінішке қарай, қарсыласына жол беріп қойды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бірінші сеть Еленаның еншісіне шешілді – 6:4. Рыбакина бес эйс орындап, үш брейкпойнттың екеуін жүзеге асырды. Сонымен қатар Соболенко да бес эйс орындап, бірақ екі қателікке жол берді, деп хабарлайды Sports.kz.

Екінші партияда Соболенко мықтырақ болып шықты. Есеп – 6:3. Беларусь ойыншысы жеті эйс орындады, жеті брейкпойнттың біреуін сәтті жүзеге асырды, ал өз кезегінде Рыбакина эйстен үш ұпай ғана тіркеді, брейкпойнттың үшеуін де сәтсіз игерді.

Шешуші партияда Арина Соболенко 6:4 есебімен жеңіске жетіп, титулдың иегері атанды. Матчтың ұзақтығы 2 сағат 29 минутты құрады.

Финалға дейін Уимблдон-2022 жеңімпазы Елена Рыбакина Үлкен дулыға турнирлеріндегі үш чемпионды ұтты: Ига Швентекті (Польша), Елена Остапенконы (Латвия) және Виктория Азаренконы (Беларусь).

Back to top button