BasNewsЖаңалықтар

Риддерде әйел екі жасар ұлын балконнан құлатып алды

Риддерде әйел үшінші қабаттағы балконнан төменге түсуге тырысқанда екі жасар ұлын құлатып алды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Оқиға 27 қаңтарда болған.

«Қала тұрғыны мас күйінде құлыптаулы тұрған пәтерден балкон арқылы шығуға тырысып, ұлын қолына ұстаған. Бала үшінші қабаттан құлап түсті», – деп хабарлады ресми ақпарат көзі Noks.kz порталына.

Бала ауыр жарақаттың кесірінен аурухананың травматология бөліміне жеткізілген.

Back to top button