BasNewsЖаңалықтар

Каспийде әйел адам суға батып кете жаздады

Ақтау қаласындағы Каспий теңізінің жағалауында суға бата жаздаған әйел адам құтқарылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

29 қаңтар күні сағат 15:51-де кезекші пультіне хабар түсті. Әйел сол кезде теңіздің түбіне қарай бата жаздады.

“Ақтау құтқарушылары кезекшілікте болғандықтан, олар жеті минутта жетті. Сүңгуір-құтқарушы әйелді 8 метр биіктіктен секіріп құтқарды”, – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Құтқару операциясына төрт құтқарушы қатысты. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері әйелге шұғыл медициналық көмек көрсетуде.

Back to top button