BasNewsЖаңалықтар

Жамбыл облысында екі оқушы тарихи жәдігер тауып алды

Жамбыл облысындағы Қаракемер ауылының екі оқушысы көне құмыраны тауып алды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Археологтардың айтуынша, қола әшекейлері бар бұл жәдігер біздің дәуіріміздің ІХ-ХІІ ғасырларына жатады. Енді мамандар тарихи олжа орнында зерттеу жұмыстарын жүргізбек.

Былтыр көктемде Төле би атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Артем Муравьев төбеде ойнап жүріп, байқаусызда таңбалары мен керамикалық бұйымдары бар білезікті тауып алады. Біраз уақыттан кейін 6-сынып оқушысы Жұмабай Қасымхан қола сырғалар мен білезіктер тапты. Тарихи олжа туралы ұлдар бірден ересектерге айтып берді. Жергілікті мектепте тіпті осындай жәдігерлері бар бұрыш та бар.

«Мен оны достарыммен ойнап жүріп таптым. Ішінде бірнәрсе жылтырап тұрды. Кейін мен оны қазып алуға тырыстым. Қарап шықтым, қызық деп ойлап, мектепке апардым», – дейді Артем Муравьев.

Ғалымдар IX ғасырда бұл жерлерді Қарлұқ қағанаты билесе, бір ғасырдан кейін Қарахандар келді дейді.

«Төрткүл төбесінен ауылымыздың әсем көрінісі көрінеді. Сол жерге көтеріліп, аяғымның астынан осы тарихи жәдігерді байқап, мектепке апардым», – дейді Жұмабай Қасымхан.

Бұл төбе – сол заманда Ұлы Жібек жолының бас тармағы болмаса да, қосалқы тармағында орналасқан «Адахнет» деген елді мекен еді. Археологтардың айтуынша, соған қарамастан, мұнда сауда жақсы дамыған.

«Бұл жерде әлі зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Бірақ жергілікті тұрғындар тапқан жәдігерлерге сүйенсек, бұл елді мекен біздің дәуіріміздің ІХ-ХІІ ғасырларында болған деп айта аламыз», – дейді тарихшы Сауран Қалиев.

Мамандар құмыраның жақсы сақталғанына қарап, зерттеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

 

Back to top button