BasNewsЖаңалықтар

Атырауда студенттер жатақханасының қабырғалары жарылып кетті

Атырауда студенттер жатақханасының бірінші қабатының қабырғасы жарылып кеткен, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде студенттерге арналған 1114 орындық 3 жатақхана бар.

Жатақхана тұрғындарын шұғыл түрде эвакуациялады. Олар басқа оқу орындарының, атап айтқанда, АПЕК жоғары колледжі мен Атырау мұнай-газ университетінің жатақханаларына көшірілді. Бұған 1972 жылы салынған жатақхананың қабырғасына сызат түсуі себеп болып отыр. Облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мамандары ғимаратты тексеріп, қауіпті деп таныған.

«Бірінші қабаттағы жарықшалар өткен жылдың соңында пайда болды. Ал, жақында ол ұлғайып, ішкі қабырға құлап қалды. Биылға күрделі жөндеу жоспарланып отыр» дейді аталған университеттің инфрақұрылым бойынша директоры Жалғасбай Шагиров.

Айта кетейік, бұл жатақханада жөндеу жұмыстары соңғы рет 2017 жылы жүргізілген екен.

Back to top button