BasNewsЖаңалықтар
Таразда қорғанамын деп күйеуін пышақтап өлтіріп алған әйел қамаудан босатылды
Таразда азаматтық некедегі күйеуіне қорғану үшін пышақ сұққан әйел босатылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Таразда үш баласы бар әйелге ҚР ҚК 106-бабы, 3-бөлігі “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру” бойынша күйеуін пышақтап өлтіргені үшін сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Алайда ол шешіммен келіспей, қорғануға мәжбүр болғанын түсіндірді. Өйткені ерлі-зайыптылар жанжал барысында бір-біріне пышақ алып жүгірген.
“Немолчи” қоры бұл туралы әлеуметтік желілерде мәлімдеп, “Елена Выродоваға бостандық” петициясын бастады.
Кейін аппеляциялық шағымнан соң, іс ҚР ҚК 112-бабы “Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру” бойынша ауыстырылды. 47 жастағы әйелді қамаудан дереу босату міндеттелді.