BasNewsЖаңалықтар
Кейінгі тәулікте 76 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстанда 2023 жылғы 3 ақпанның қорытындысы бойынша 76 адам коронавирус жұқтырды. Бұл бір күн бұрынғыдан 15 адамға аз. Сонымен бірге кеше 7 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 4 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 603 адам коронавирус инфекциясынан (–1 450+ және 153 КВИ-) емделіп жатыр.
Олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 482 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 6 адамның жағдайы ауыр;
- 1 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Қазақстанда коронавирус пандемиясы басталғалы 1 406 146 адам коронавирус жұқтырды. Оның 13 843-і қайтыс болды.
Ал 90 724 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, оның 5 409-і қайтыс болды.