BasNewsЖаңалықтар
Президент Екібастұздағы пәтерлердегі температураны тұрақтандыру үшін шара қабылдауды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа Екібастұздағы қала тұрғындарының пәтерлерінде және нысандарда температураны тұрақтандыру үшін шара қабылдауды тапсырды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Екібастұздағы қала тұрғындарының пәтерлерінде және әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараны қабылдау қажет», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар Президент жылыту маусымын және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауға тапсырма берді.
Екібастұзда жыл басынан бері бірқатар үйде жылу бірнеше рет өшті.