Астаналық азамат пойызда 7 миллион теңгесін ұмытып кеткен
Көлік полицейлері жолаушыға жоғалтып алған жалпы сомасы 7 млн теңгеге жуық ақшалай қаражатын жедел тауып, қайтарып берді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, 3 ақпанда Есіл станциясындағы желілік полиция бөлімшесіне елорданың 43 жастағы тұрғыны 4 миллион теңге және 6000 АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражаты салынған қара түсті сөмкесін жоғалтып алғандығын айтып, оны табуға көмек көрсету туралы өтініш білдірген.
Сөмкенің иесі Денис Чернецский «Алматы-Орал» бағытындағы жолаушылар пойызымен Есіл станциясына достарына қонаққа барған. Оның айтуынша, қомақты ақшасы мен құжаттары салынған сөмкесін жоғалтып алғанын үйге келгеннен кейін бір-ақ білген.
Денис бірден Есіл станциясындағы полицейлерге хабарласып, ақшасы салынған сөмкесін жоғалтып алғаны туралы хабарлаған.
«Қызметкерлер менің сигналыма тез жауап берді. Пойыз бастығымен байланысып, менің сөмкемнің орналасқан жері анықталды. 6 сағаттан кейін құжаттар мен қолма-қол ақша салынған сөмкемді олар маған қайтарып берді. Полицейлерге көрсеткен көмегі үшін зор алғысымды білдіремін», – дейді Денис Чернецский.