BasNewsЖаңалықтар

Қостанай облысында егіз бала мен анасы жол апатынан қаза тапты

Қостанай облысында егіздер мен олардың анасы жол апатынан қаза тапты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 7 ақпанда Қостанай-Қарабұтақ тас жолының 470 шақырымында болған.

«JAC S3 автокөлігінің жүргізушісі басып озу маневрінің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, қарсы жолаққа шығып кетіп, ауыр жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан», – деп хабарлады облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.

9 жасар екі бала мен олардың 33 жастағы анасы оқиға орнында көз жұмды.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Back to top button